Ақтауда алаяқтар өздерін тәркіленген көліктер мен жылжымайтын мүліктерді сатуға делдал ретінде көрсетті

Ақтауда алаяқтар өздерін тәркіленген көліктер мен жылжымайтын мүліктерді сатуға делдал ретінде көрсетті

Ақтау қалалық сотының а.ж. 4 маусымдағы үкімімен алаяқтық дерегі бойынша екі тұлғаға Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 190-бабымен, яғни алаяқтық іс-әрекеттері үшін кінәлі деп танылып, әрқайсысына 9 және 10 жылға бас бостандығынан айыру түріндегі ең жоғары жаза тағайындалды.

Сотталғандар өздерін тәркіленген автокөліктер мен жылжымайтын мүлікті төмен бағамен сататын уәкілетті тұлғалар ретінде көрсететін қылмыстық схема әзірлеген.

Мысалы, алаяқтар Ақтау қаласының аумағында қымбат жылжымайтын мүлікті жалға алып, оны арзандатылған бағамен тәркіленген мүлік ретінде сатуға шығарған.

Неғұрлым сенімді болу үшін олар әлеуетті сатып алушыларды ұсынылған пәтерлерге орналастырып, сол үшін қаражат алып, құқық белгілейтін құжаттарды кейінірек рәсімдейтіндігі туралы уәде берген.

Алаяқтардың қылмыстық іс-әрекеттері нәтижесінде барлығы 39 адам, 1 млрд теңгеден астам материалдық тұрғыда шығынға ұшыраған.

Облыс тұрғындары мен қонақтарына, өздеріне тиесілі мүліктеріне мұқият болуға, оның ішінде жылжымайтын мүлікпен мәмілелер жасау, сондай-ақ жеңіл көліктер сатып алу кезінде алаяқтардың айласына түспеуді ескертеміз.

  

Маңғыстау облысының прокуратурасы