Облыс прокуроры Айдос Майлыбаев «МАЭК» ЖШС және «Каспий» тұщыландыру зауытына жұмыс сапармен барған.
Энергокомбинаттың бас директоры Кинис Ураковпен кездесіп, кәсіпорынның проблемалық мәселелері талқыланды.
Облыс прокуроры комбинаттың техникалық жай-күйімен танысып, өндірістік цехтарды аралап, мамандармен әңгімелесті.
«МАЭК» ЖШС бас директоры кәсіпорынның жылу беру кезеңіне дайындығы туралы атап өтті.
Келесі сапар «Каспий» зауытында орын алған, облыс прокуроры тұщыландыру қондырғыларының жұмысымен танысты.
Зауыт директоры Нұрлыбай Аққулов кәсіпорынды жаңғырту жобасының орындалу барысы туралы және ауыз су өндірісін тәуілігіне 40 мың текше метрге дейін ұлғайту жоспарларымен бөлісті.
Айдос Майлыбаев кәсіпорындардың жұмысымен танысып бірлескен кездесулерді өткізуін, халықты сумен қамтамасыз етуге қатысты проблемалық мәселелерді талқылау мен оларды шешуінің маңыздылығын атап өтті.
«Соңғы жылдары өңірде су тапшылығы қатты сезілуде, осы орайда кәсіпорындар мен уәкілетті органдар өндірісті жаңғырту және оңтайландыру бойынша бірлесіп жедел шараларды қабылдау қажет», - деп айтты облыс прокуроры.
Маңғыстау облысының прокуратурасы