Бүгін Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаев Ақтау қаласындағы Түркия Республикасының Бас консулдығының басшысы Сабри Альптекинмен кездесу өткізді.
Облыс прокуроры елдер арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастықтың оң динамикасын және оны одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті.
Түркияның Бас консулы консулдық пен мемлекеттік органдардың өзара іс-қимылын нығайтуға үлкен көңіл бөлетінін айтып, құқықтық саладағы рәсімдерді жеңілдету бойынша өз ұсыныстарын айтты.
Тараптар қылмыстық-құқықтық саладағы екіжақты ынтымақтастықтың бірқатар мәселелерін талқылады, оның ішінде іздеуде жүрген адамдарды экстрадициялауды және қылмыстық істер бойынша құқықтық көмек көрсетуді.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар өңірлік деңгейде халықаралық-құқықтық ынтымақтастықты дамытуға дайын екендіктерін растады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы