Маңғыстау облысының прокуроры Айдос Майлыбаевтың төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезектен тыс отырысы өтіп, онда аймақтағы әлеуметтік-экономикалық даму мен тұрақтылықты қамтамасыз етудің проблемалық мәселелері қарастырылды.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімі, құқық қорғау, мемлекеттік органдардың, мұнай-газ компанияларының басшылары және басқа да мүдделі тұлғалар қатысты.
Отырыста еңбек қатынастары, жұмыссыздық, мұнай-газ саласы, су және электр энергиясының тапшылығы, үлестік құрылыс, туризмді дамыту және т.б. сияқты өңірдің ең өзекті салаларындағы заңдылықтың жай-күйін талдау нәтижелері қаралды.
«Өңірдегі келеңсіз жағдайды шешу үшін менімен нақты шешімдері бар тұжырымдама әзірлеу тапсырылды. Әрбір мәселеге егжей-тегжейлі талдау жасайтын жұмыс тобы құрылды», - деп атап өтті облыс прокуроры.
Талдау, өңірдегі халықтың наразылығының артуына әсер ететін жағымсыз факторлар кешені бар екенін көрсетті.
Осыған байланысты уәкілетті органдарға бірлескен кешенді бағдарламалар әзірлеуге бағытталған шараларды қабылдау ұсынылды, оның ішінде жаңа жұмыс орындарын құруға, жылыжай және балық шаруашылығын белсенді дамытуға, өз жобаларын жүзеге асыруда инвесторларды қолдауға, туризм инфрақұрылымын дамыту және т.б.
Сонымен қатар орта және жоғары оқу орындарындағы жастарды идеологиялық тәрбиелеу мәселелеріне көбірек көңіл бөлу қажеттігі ерекше атап өтілді.
Отырысты қорытындылай келе, Айдос Майлыбаев әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі бірлескен жұмыстың маңыздылығына тоқталып, географиялық орналасуын ескере отырып, өңірдің мемлекет басшысы алға қойған тапсырмаларды табысты жүзеге асыруға толық мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.
Маңғыстау облысының прокуратурасы