Инвестордың құқығы қорғалды

Инвестордың құқығы қорғалды

Маңғыстау облысы прокуратурасымен 245 млн құрайтын «Металл илегін өндіру цехын ашу» жобасын жүзеге асырушы инвестор ТОО «Hadid-TD» ЖШС-нің құқығы қорғалды.

Аталған жоба аясында инвесторға уақытша өтеусіз пайдалануға заттай грант ретінде жер учаскесі берілді.

Алайда, инвестор инвестициялық міндеттемелерді орындағанына қарамастан (құрылыс-монтаждау жұмысын аяқтаған, 30 астам жұмыс орындарын құрған), жергілікті атқарушы орган ҚР Кәсіпкерлік кодексінің 288-бабының 2-тармағында көзделген талаптарды бұза отырып, жер учаскесін одан әрі инвестордың меншігіне беруден бас тартқан.

Прокурорлық қадағалау актісі негізінде жоғарыда аталған жер учаскесі (құны 43 млн теңге құрайтын және көлемі 5 га) инвесторге жеке меншікке беріліп, уәкілетті органның кінәлі тұлғасы тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Құрметті инвесторлар, инвестициялық жобаны жүзеге асыру барысында қиындықтарға тап болсаңыз, кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау үшін мобильді топқа хабарласуға болады:

Байланыс нөмірі 8 775 806 50 95

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы