Маңғыстау облысының прокуроры инвесторлармен кездесті

Маңғыстау облысының прокуроры инвесторлармен кездесті

Мемлекет басшысының инвестициялық жобаларды қолдау жөніндегі тапсырмасы аясында облыс прокуроры Айдос Майлыбаев облыстағы ауыл және балық шаруашылығы өндірістерін дамыту бойынша бірқатар жылыжай кешендерін аралады.

Осылайша, облыс прокуроры ірі ауылшаруашылық өндірушісі «Доктор Агро» ЖШС басшылығымен кездесу барысында көкөніс өнімдерін өндірудің технологиялық процесімен танысып, уәкілетті органдарды инвесторға мемлекеттік бағдарламалармен көзделген қажетті көмек көрсетуге шақырды.

Сонымен қатар ішкі нарыққа жеткізілетін отандық өнімнің көлемін ұлғайту және бағаны тұрақтандыру мақсатында жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілерін қолдау маңыздылығын атап өтті.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы