Облыс прокуратурасы қолданыстағы заңнаманы сақтау тұрғысынан монополия субъектілерінің қызметіне талдау жүргізді.
Талдау барысында «Каспий жылу, су арнасы» МКК тарапынан жылу және сумен жабдықтау қызметтері үшін қала тұрғындарына коммуналдық төлемдерді негізсіз есептеу фактілері анықталды.
Қызмет көрсетуші қызметтер нақты көрсетілмеген күндер үшін коммуналдық төлемдерді есептеген.
Анықталған бұзушылықтарды жою мақсатында прокурорлық қадағалау актісі енгізілді, оны қарау нәтижесімен 34 млн теңгеден астам сомаға 11 мыңнан астам дербес шоттар бойынша қайта есептеу жүргізілді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда.
Маңғыстау облысының прокуратурасы