Жаңаөзен қаласының балабақшаларында бюджет қаражатын жымқыру фактілері анықталды

Жаңаөзен қаласының балабақшаларында бюджет қаражатын жымқыру  фактілері анықталды

Жаңаөзен қаласы прокуратурасы жүргізілген талдау  нәтижесімен Жаңаөзен қаласындағы екі мемлекеттік балабақшаның есепшісімен бюджет қаражатын жымқыру фактісін анықтады.

Есепші өзінің жеке шотына жалпы сомасы 30 млн теңгені заңсыз аударғаны анықталды.

Аталған факті бойынша қала прокуратурасымен қылмыстық іс тіркеліп, есепшіге Жаңаөзен қалалық сотының 15.03.2024ж. үкімімен Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 189-бабы 4-бөлігі 2) тармағымен 6 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазасы тағайындалып, осы кодекстің 63-бабына сәйкес тағайындалған жаза шартты деп саналды.

Сонымен қатар, жымқырылған 30 млн теңге толығымен мемлекетке қайтарылды.

 

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы