Әлеуметтік желілердің мониторингі барысында облыс прокуратурасы Telegram мессенджері арқылы Маңғыстау облысының аумағында жалған купюралар, қару-жарақ, есірткі және психотроптық заттарды сату сияқты заңсыз фактілерін анықтады.
Заңсыз қызметтің жолын кесу мақсатында облыс прокуратурасы цифрлық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті органмен бірлесіп 16 Telegram – арналарға қолжетімділікті шектеді.
Бұл бағыттағы жұмыс жалғасуда және азаматтардан әлеуметтік желілерде қылмыстық белсенділік анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына хабарласуларын сұраймыз.
Маңғыстау облысының прокуратурасы