«Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру туралы

«Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру туралы

Ағымдағы жылдың басынан бастап «Кедергісіз қала» пилоттық жобасын іске асыру шеңберінде облыс прокуратурасымен 100-ден астам қол жетімділік талаптарын бұзушылықты анықталды, 49 адам 12 млн теңге сомасына әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Мониторинг нәтижесімен халықтың аз қозғалатын топтары үшін  қалалық инфрақұрылым объектілері (сауда орталықтары, бірқатар дәріханалар мен медициналық мекемелер, сондай-ақ балабақшалар, мектептер және т.б.) қолжетімсіз болып шықты.

Барлық анықталған бұзушылықтар қысқа мерзімде жойылады, бұл процесс облыс прокуратурасы мен әлеуметтік қорғау Департаментінің бақылауында болады.

Жылдың аяғына дейін жоба аясында 750-ден астам қалалық және әлеуметтік инфрақұрылым нысандарын сәйкестендіру жоспарлануда.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы