Инвестордың құқығы қорғалды

Инвестордың құқығы қорғалды

Швейцариядан келген инвесторлар Маңғыстау облысында құны 4,2 млрд теңге болатын бекіре уылдырығын өсіру жобасын жүзеге асыруды жоспарлап отыр.

Осы мақсатта «RED PEARL балық фермасы» ЖШС-і құрылды.

Алдағы уақытта бұл кәсіпорын аталған өнімді жыл сайын 10 тонна шығарып, 30 адамды тұрақты жұмыспен қамтамасыз ететін болады.

Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында Маңғыстау облысының Мамандандырылған табиғат қорғау прокуратурасы жобаны қолдауды қамтамасыз етеді.

Анықталғандай, инвестор Каспий теңізінің жағалау белдеуінен жер телімін алу мәселесіне тап болды.

Атап айтқанда, Жайық-Каспий бассейндік инспекциясы жер телімін беруге тиісті рұқсат беруден бас тартты.

Мұндай бас тарту Түпқараған ауданы әкімдігінің аталған инспекцияға жер телімін бөлуді келісу туралы өтінішті дұрыс толтырмауына байланысты болды.

Табиғат қорғау прокуратурасының араласуынан кейін әкімдік тиісті түрде жасалған өтінішті қайта жіберді. Нәтижесі бойынша аталған Инспекциямен инвестордың жерге орналастыру жобасы келісілді.

Бүгінгі таңда жергілікті атқарушы орган жер телімін бөлді.

Инвестициялық жобаны жүзеге асыру прокуратураның бақылауында. 

 

 Маңғыстау облысының прокуратурасы