Прокурорлар 2024 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Прокурорлар 2024 жылдың 1 тоқсанында атқарылған жұмыстарын қорытындылады

Облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен өткен жедел кеңесте прокуратура органдарының ағымдағы жылдың 1 тоқсанындағы жұмысының қорытындысы шығарылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.

Жиынға облыс прокурорының орынбасарлары, облыстық аппарат қызметкерлері, сондай-ақ қалалар мен аудандардың прокурорлары қатысты.

2024 жылдың басынан бері қоғамдық мүдделерді қорғау саласында прокурорлар 11 мыңнан астам адамның құқығын қорғап, 5 мыңнан астам мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың құқықтарын қалпына келтіргені атап өтілді.

6 мың кәсіпкердің құқықтары қорғалған.

Инвестициялық жобаларды сүйемелдеу барысында жалпы сомасы 40 млрд теңгені құрайтын 9 инвестордың мәселесі шешілді.

Қадағалау актілері бойынша экономикалық мүдделерді қорғау саласында мемлекет кірісіне 800 млн теңге өндірілді.

Құны 1,5 млрд теңгені құрайтын заңсыз сатып алулар жойылды.

Жалпы ауданы 1 мың га, кадастрлық құны 6,7 млрд теңге болатын 56 жер телімдері мемлекет меншігіне қайтарылды (олардың нарықтық құны 30 млрд теңгеден асады).

«Каратурун» кен орында газ жағу арқылы экологиялық нормаларды бұзғаны үшін  «Buzachi Oil» ЖШС 380 миллион теңге көлемінде әкімшілік айыппұл өндірілді.

Сонымен қатар прокуратураның жүйелі шараларының нәтижесінде өткен жылдан бері еңбек жанжалдары 192-ден 87-ге дейін азайған.

Атқарушылық іс жүргізуді қадағалау саласында балалардың пайдасына 77,5 млн. теңге алимент өндіріліп, 52 борышкер жауаптылыққа тартылды (қылмыстық – 6, әкімшілік – 46).

Үш буынды жүйенің енгізілуімен жыл сайын азаматтардың конституциялық құқықтарының бұзылуының азаю тенденциясын байқалады, былтырғы жылмен салыстырғанда 77,8%-ға азайған.

Бүгінгі таңда облыс прокуратурасы бірқатар қылмыстық істерді тоқтатып, қылмыстық қудалау орбитасына 8 кәсіпкерлік субъектісін негізсіз тартуға жол берілмеді.

Облыста құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған кешенді шаралар жүргізілуде.

Нәтижесінде қылмыс деңгей 1,9%-ға (841-ден 825-ке дейін) төмендеген.

Есірткі бизнесімен байланысты қылмыстың анықталуы 19,6% (92-ден 110-ға дейін), оның ішінде, есірткіні заңсыз сақтаумен байланысты қылмыстар 30,9% өскен (68-ден 89-ға дейін).

Осы кезеңде сот 58 (57) адамды қылмыстық жауаптылыққа тартты.                                                                                                                                                                                                           

Есірткі тасымалының 4 халықаралық арнасы жабылды.

Ағымдағы жылы облыс прокуратурасының үйлестіруімен жүргізілген жедел-іздестіру іс-шаралары барысында Иран мемлекетінен келетін есірткі заттарын тасымалдау каналдары бұғатталып, 2 шетел азаматымен жеткізілген 1 кг героин және синтетикалық есірткілері опий тәркіленді.

Прокуратураның тапсырмасымен есірткі заттарын жарнамалаған 45 интернет сайттар бұғатталып, қоғамдық орындардағы  475 граффити жазулары жойылып, 234 профилактикалық шаралар өткізілді.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің базасында онлайн алаяқтық әрекеттері туралы сигналдар үшін арнайы серверді құруға ұсыныс берілді.

Прокурорлардың бастамасымен 7 адамға қатысты сот үкімдері мен қаулылары заңға сәйкестендіріліп, пробация қызметімен есепке алынған 29 тұлға жұмысқа орналастырылды.

Азаматтардың конституциялық құқықтарын, мемлекет мүдделері мен балалардың қауіпсіздігін қорғау, кәсіпкерлік пен инвесторларды қолдау, сондай-ақ заңсыз берілген активтерді қайтару саласындағы қадағалауды күшейтуге ерекше назар аударылады.

Соңында Руфат Құттықов заңдылықты, құқықтық тәртіпті және тиісті қызметтің тиімділігін қамтамасыз ету бойынша жұмысты жалғастыруды тапсырды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы