Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша

Кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау бойынша

Маңғыстау облысының прокуратурасы кәсіпкерлердің құқықтарын қорғау саласында белсенді жұмыс жүргізуде.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде 17 қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 5 800 астам кәсіпкердің құқықтары қорғалып, олардың пайдасына 8 млн теңгеден астам қаражат өндірілді.

15 лауазымды тұлғаның тәртіптік жауаптылығы шешілді.

Бұзушылықтардың негізгі бөлігі жер, салық және мемлекеттік сатып алу заңнамасы салаларында жол берілген.

Мысалы, қалалық жер қатынастар бөлімі мен кәсіпкер К. Асанбеков  арасындаға жер телімдерін жалға беру туралы шартында үлгілік шартқа сәйкес келмейтін  қосымша міндеттерді қосу және құқықтарды шектеу белгілері анықталды (Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 26.12.2019ж. №353 бұйрығымен бекітілген), яғни жаңа мерзімге келісім-шарт жасау және сатып алудың басым құқықтары туралы пунктері үлгілік шарттан алынып тасталған.

Осыған ұқсас бұзушылықтар «Бейнеусусервис» МКК және тұтынушылар арасында сумен жабдықтау және су бұру қызметтеріне жасалған шарттарда анықталды.

Қадағалау актісінің қаралу нәтижесімен жер телімдері бойынша 5 753 кәсіпкер және сумен жабдықтау және су бұру қызметтері бойынша 121 кәсіпкердің шарттары үлгілік шарттың бұйрығына сәйкестендіріліп, лауазымды тұлғалар тәртіптік жауаптылыққа тартылды.

Естеріңізге сала кетейік, бизнес субъектілерінің сигналдарына жедел ден қою мақсатында Маңғыстау облысы прокуратурасының мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейді (байланыс телефоны: 8 (775) 806-50-95).

Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасуда.

Маңғыстау облысының прокуратурасы