Облыс прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады

Облыс прокуратурасы инвестордың құқығын қорғады

Прокуратура органдары инвесторлардың құқықтарын қорғау бойынша белсенді жұмыстар жүргізуде.

Фронт-офис жұмысы шеңберінде «GATIN group» ЖШС-і инвесторына құрылыс материалдарын сақтауға арналған қоймалар салудың сәулет-жоспарлау тапсырмасын беруден негізсіз бас тарту дерегі анықталды.

Инвестиция сомасы 250 млн теңге құрайды.

Ақтау қаласы әкімінің атына енгізілген қадағалау актісінен кейін аталған заңдылықты бұзушылықтар жойылып, инвесторға құрылыстың рұқсат құжаттары берілді.

Қазіргі уақытта жобаны іске асыруға 40 млн теңгеден астам қаржы инвестицияланды.

Барлық туындаған сұрақтармен келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуға болады: 8 (775) 806-50-95 (Маңғыстау облысының прокуратурасы), 8 (701) 242-67-16 («Kazakh invest» ҰҚ» АҚ аймақтық өкілі)

 

        Маңғыстау облысының прокуратурасы