Маңғыстау облысының табиғатты қорғау прокуратурасы жер қойнауын пайдалану саласындағы заңдылықтың жай-күйіне талдау жүргізді.
Талдау нәтижесінде жер қойнауын пайдаланушы «Emir Oil» ЖШС келісімшарттық міндеттемелерді бұзғаны үшін Энергетика министрлігі салған айыппұлдарды төлемегені анықталды.
2017-2021 жылдары төленбеген айыппұлдардың жалпы сомасы 451 млн теңгеден астам.
Бүгінгі күні қадағалау актісін қарау аясында «Emir Oil» ЖШС сомасы 386 млн теңге құрайтын айыппұлдарды төледі.
Маңғыстау облысының прокуратурасы