Бүгін облыс прокуроры Руфат Құттықовтың төрағалығымен халықты жұмыспен қамту саласындағы заңдылықтың сақталуы және еңбек жанжалдарының алдын алу бағытында қабылданатын шаралардың тиімділігі мәселелері бойынша үйлестіру кеңесінің отырысы өтті.
Үйлестіру кеңесінің жұмысына облыс әкімінің орынбасары, ЖАО, құқық қорғау органдарының және бірқатар мұнай-сервистік кәсіпорындардың басшылары қатысты.
Еңбек жанжалдарын шешу мақсатында облыс прокуратурасы жергілікті атқарушы және уәкілетті органдармен бірлесіп бірқатар шаралар қабылдауда.
Прокуратура, ЖАО, «ҚазМұнайГаз» АҚ және кәсіподақ орталығы арасында меморандум жасақталды, облыстың барлық кәсіподақтарымен өзара іс-қимыл жолға қойылды.
55 еңбек ұжымында 35 мың қызметкермен кездесулер өткізілді.
Соңғы 2 жылда 5 мыңнан астам азаматтардың еңбек құқығы қорғалды, қызметкерлердің пайдасына 197 млн теңге өндірілді.
Бірлескен күш-жігермен ереуілдердің динамикасын төмендетуге қол жеткізілді.
Бүгінгі таңда жұмыс берушілер мен кәсіподақ ұйымдарының еңбек даулары мен жанжалдарын шешудегі пассивтілігі, сондай-ақ жұмысшыларды толғандыратын белгілі бір мәселелер бойынша түсіндіру жұмыстарын әлсіз ұйымдастыруы ерекше назар аударуды талап етеді.
Облыс прокуроры Руфат Құттықов кадр саясатындағы ашықтықты, кезектілік пен тиісті біліктілікті ескере отырып, әділ жұмысқа қабылдауды қамтамасыз етудің ерекше маңыздылығын атап өтті.
Сонымен қатар облыс прокуроры заң үстемдігінің басымдығы мен барлық тараптардың еңбек заңнамасын сақтамағаны үшін жазаның бұлтартпастығын атап өтті.
Басқаша айтқанда, құқықтар мен міндеттерді еркін түсінуге жол берілмейді, заңдылықты жұмыс берушілер де, жұмысшылар да сақтау қажет.
Әрбір құқық бұзушы қатаң жазаға тартылады, бұл мәселені біз қатаң бақылайтын боламыз, - деді ол.
Ірі мұнай-сервистік ұйымдарының жұмыс берушілері қызметкерлермен қарым-қатынасты күшейтуге бағытталған және еңбек құқықтары бұзылған, сондай-ақ бос орындарды жасырған жағдайда құқықтық жауапкершілік туралы қатаң ескертілген.
Талқылау қорытындысы бойынша бірқатар пәрменді шаралар әзірленді, уәкілетті органдарға ведомствоаралық өзара іс-қимылды күшейту және жұмыссыздық деңгейін төмендету жөніндегі шаралар кешенін өзектендіру туралы тиісті тапсырмалар берілді.
Маңғыстау облысының прокуратурасы