Прокурорлар 2000 астам азаматтың еңбек құқығын қорғады

Прокурорлар 2000 астам азаматтың еңбек құқығын  қорғады

Мұнайлы ауданының прокуратурасы білім беру мекемелерінің 2000-нан астам жұмысшылардың, оның ішінде 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғалардың конституциялық (еңбек) құқықтарын қорғады.

Талдау барысында аталған тұлғалардың еңбек шарттарында еңбек заңнамасының талаптарына қайшы жұмыс уақыты мен демалыстың ұзақтығы көрсетілмегені анықталды.

Мысалы, Еңбек кодексінің 69-бабына сәйкес мүгедектігі бар жұмыскерлерге аптасына 36 сағаттан аспайтын жұмыс уақытының қысқартылған ұзақтығы белгіленеді, бұл талаптарды бұза отырып 6 мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға 8 сағаттық жұмыс кестесі бекітілген.

Осы факті бойынша Маңғыстау облысының еңбек инспекциясына прокурорлық қадағалау актісі енгізілді.

Қазіргі уақытта барлық заң бұзушылықтар жойылды, аудандық білім бөлімінің басшысы әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы