Cотталғандар мен қамаудағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша

Cотталғандар мен қамаудағылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі бойынша

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес облыс бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде «жаппай бейнебақылау» жүйесін қамтамасыз ету іске асырылды.

Бүгінге мекеме әкімшілігімен сотталғандар мен қамаудағылардың күнделікті жүріс-тұрысын, қауіпсізідігін, мінез-құлқын бақылау үшін және оларға қарсы азаптаулар немесе өзге де құқыққа қарсы әрекеттерге жол бермеу мақсатында 697 бірілік цифрлық бейне камералар орнатылып (қоныс колониясы -131, тергеу изоляторы -566), тәулік бойы бақылау ұйымдастырылған.

Орнатылған бейне камераларға облыс прокуратурасымен күнделікті қашықтықтан мониторинг жүргізілуде.      

Өткен жылдың нәтижесімен мекемеге тыйым салынған заттардың өткізуі 78%, қамаудағы мен сотталғандар арасында құқық бұзушылықтар 16% төмендеп, азаптау фактілері орын алмаған.

Бейнебақылау көмегімен ұялы телефон пайдаланудың 7 фактісі, 32 гр. астам есірткі заттарды сырттан лақтыру дерегі анықталды және тыйым салынған затты өткізбекші болған 5 тұлға ұсталды.

Сонымен қатар мекемелерде қолжетімді жерлерге сотталғандармен электронды өтініштер беру үшін 7 терминал орнатылды (қоныс колониясы -5, тергеу изоляторы -2).

Жаза орындау мекемелерінде жаппай орнатылған бейне бақылау жүйесі сотталғандардың күнделікті жүріс-тұрысын, қауіпсіздігін, құқықтарының бұзылуына және жазаны өтеу тәртібін бұзуының алдын-алу және жолын кесуге көмегін тигізуде.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы