Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды

Маңғыстауда прокурорлар инвесторлардың жолындағы кедергілерді жойды

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша жүйелі жұмыстар жүргізуде.

Фронт-офис базасында прокурорлар күнделікті инвесторлармен кездесулер ұйымдастырады.

Жұмыс барысында прокуратура кәсіпкерлікті дамыту және инвестицияны тарту жолында ірі сауда орталықтар тарапынан жасалған кедергілерді анықтады.

Облыстық прокуратураның үйлестіруімен әкімдік, 5 ірі сауда орталығы және 11 кәсіпкерлік субъектісі арасында үшжақты меморандумға қол қойылды.

Бұл құжатта жергілікті өндірушілер үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған:

- сату алаңын ұлғайту;                                       

- сауда орталығының сыйақы ставкаларын 11-ден 5% -ға дейін (ретробонус) және жеткізілген өнім үшін төлем мерзімдері 45-тен 14-ке күнге дейін төмендету;

- жеңілдіктер акцияларын өткізу міндетінен босату және т.б.

Атап айтқанда, бұл преференциялар сүт және ет өнімдерін өндіруге арналған инвестициялық жобаларды жүзеге асыратын «AGARGAN» және «KorkemAlem» компаниясына берілді (бұл инвестициялық жобалардың жалпы сомасы 2,8 млрд.теңгені құрайды және 200-ден астам жұмыс орнымен қамтамасыз етеді).

Бұл шаралар жергілікті өндірушілердің өндірістік қуатын арттыруға және азық-түлік бағаларын тұрақтандыруға көмектеседі.

Егер сіз инвестор болсаңыз және жобаны жүзеге асыруда қиындықтар туындаса, онда сіз облыстық прокуратурасының кәсіпкерлер мен инвесторлардың құқықтарын қорғау жөніндегі мобильді топ арқылы прокурормен тікелей байланыса аласыз (байланыс нөмірі + 7 701 364 93 39).

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы