Маңғыстауда 287 жұмыскердің жалақылары төленді

Маңғыстауда 287 жұмыскердің жалақылары төленді

Ақтау қаласы прокуратурасымен жүргізілген талдау нәтижесімен «Сенім» медициналық клиникасы» ЖШС-нің еңбек заңнамасын бұзу деректері анықталды.

Ағымдағы жылдың екі айында 287 жұмыскерге 76 млн теңгеден астам жалақылары төленбеген.

Қала прокуратурасымен мемлекеттік еңбек инспекциясы басқармасына заңдылықтың бұзылуын жою туралы ұсыну енгізілген.

Қадағалау актісін қарау нәтижесімен жұмыс беруші Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Қазақстан Республикасы кодексінің 87 бабы 1 бөлігімен әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оған 100 АЕК мөлшерінде айыппұл жазасы тағайындалған.

Жалақы бойынша берешек толықтай өтеліп, жұмыскерлердің конституциялық құқықтары қалпына келтірілген.

Азаматтардың еңбек құқықтарының сақталуы Маңғыстау облысы прокуратура органдарының бақылауында.

Маңғыстау облысының прокуратурасы