2023 жылғы 21 қазанда Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде анықталмаған препаратпен дезинсекция жүргізу кезінде санитарлық нормалардың талаптарын бұзу салдарынан 7 адам зардап шекті, оның ішінде үш жасқа дейінгі екі сәби қаза тапты.
Аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Басқа жағдайда, 2023 жылы 27 қазанда Ақтау қаласындағы пәтерлердің бірінде осы тектес жағдай орын алып, онда өзіндік дезинсекция нәтижесінде 5 адам зардап шекті, оның үшеуі бүлдіршіндер.
Аталған қылмыстық істердің тергелуі қатаң бақылауға алынды.
Облысымызда мұндай фактілер былтыр да, биыл да тіркелгендігі жөнінде Маңғыстау облысының прокуроры Р.Құттықов хабарлады, ең өкініштісі үлкендердің әрекетсіздігінен балалар зардап шекті.
Дұрыс дезинсекцияламау, сондай-ақ дезинсекциялау кезінде тиісті талаптарды сақтамау зиянды химиялық заттардың бөлінуіне әкелуі мүмкін.
Бұл дегеніміз зиянды булар мен газдардың жиналуына, оның арты улану мен өлімге әкелуі мүмкін.
Құрметті облыс тұрғындары мен қонақтары, дезинсекция жүргізу қажет болған жағдайда рұқсаты бар лицензияланған мамандарға немесе уәкілетті органдарға жүгіну (дезинсекциялық шаралар жүргізілген жағдайда міндетті түрде көршілеріңізге хабарлау) қажеттігін облыс прокуроры ескертті.
Сондай-ақ, жағымсыз өткір иістер анықталған және улану белгілері пайда болған жағдайда үй-жайдан дереу шығып, "112" нөмірі бойынша хабарласуды сұраймын.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының «Рұқсаттар және хабарламалар» туралы Заңына сәйкес улы заттардың саласындағы қызмет, лицензияланатын қызмет түрлеріне жатады.
Лицензиясыз залалсыздандыру құралдарын өткізгені үшін ҚР ӘҚБтК-нің 463 бабымен әкімшілік жауаптылыққа тартылатындығын, ал адам улану, абайсызда екі немесе оданда көп адамның өліміне әкеп соққан іс-әрекет қылмыстық кодекстің 304-бабы бойынша қылмыстық жауаптылық көзделгенін және жаза ретінде 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін ескертемін.
Облыс прокуроры Р.Құттықов жазадан бұлтартпау қағидасын ұстану қажеттігін түйіндеді.
Прокуратура уәкілетті органдармен бірге халық арасында түсіндіру жұмыстарын бастады.
Маңғыстау облысының прокуратурасы