Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды

Маңғыстауда жер қойнауын пайдаланушы жауапкершілікке тартылды

Мемлекеттің экономикалық мүдделерін қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар шеңберінде, сондай-ақ кәсіпорын қызметкерлерінің жаппай шағымдарын ескере отырып, Маңғыстау облысының прокуратурасы «Phystech II» АҚ қызметінде тексеру жүргізді.

Компания қызметінде қызметкерлердің еңбек құқықтарының бірқатар өрескел бұзушылықтары, сондай-ақ экологиялық заңнама талаптарының орындалмауы, мемлекет алдындағы келісімшарттық міндеттемелердің орындалмауы және басқа да кемшіліктер анықталды.

Нәтижесінде, прокуратура қабылдаған шаралар бойынша кәсіпорын мемлекетке 1,2 млрд. теңге сомасына залалды өтеді, сондай-ақ 70 млн.теңгеден астам сомаға әкімшілік айыппұлдарды төледі.

 

                              Маңғыстау облысының прокуратурасы