Прокурорлар балаларды мерекесімен құттықтады

Прокурорлар балаларды мерекесімен құттықтады

Халықаралық балаларды қорғау күнінде прокуратура қызметкерлері «Біз адамбыз - Біз біргеміз» қорының жыл сайынғы қайырымдылық акциясына қатысты.

Мерекелік іс-шара Ақтау қаласындағы демалыс база аумағында аниматорлар мен балалар би ұжымдарының қатысуымен өткізілді.

«Облыс прокуратурасы атынан балалар мен олардың ата-аналарын бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Әр бала қамқорлыққа бөленсін, ал олардың балалық шағы қуаныш пен бақытқа толы болсын!» - деп атап өтті облыс прокурорының орынбасары Берік Құлмағамбет.

Сондай-ақ, прокурорлар кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығына барып, облыстық балалар ауруханасының кішкентай пациенттеріменде кездесті, оларға сыйлықтар табыстады.

Акцияның негізгі мақсаты – балалардың мерекелік көңіл-күйін қалыптастыру болды.

Айта кетсек, 250-ге жуық балалар назарға алынып, қамтылды, ал прокурорлардың «Біз адамбыз - Біз біргеміз» қорының іс-шараларына қатысуы көпжылдық жақсы дәстүрге айналды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы