Ақтау қаласында прокурорлар ағаш екті

Ақтау қаласында прокурорлар ағаш екті

Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері қалалық саябақ аллеясына көпжылдық 50 тал екті.

Іс-шара Маңғыстау облысының прокуратура органдарының 50 жылдығына орай ұйымдастырылды.

1973 жылдын 18 мамырда Қазақ КСР прокурорының бұйрығымен Маңғышлақ облысының прокуратурасы құрылды.

50 жылдан бері Маңғыстау облысының прокуратурасы біздің облыс азаматтарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауда.

Осы уақыт ішінде саяси және құқықтық жүйелер өзгерді, бірақ прокуратураның ең басты мақсаты – заңдардың үстемдігін қамтамасыз ету, өзгеріссіз қалды. 

Ұжымды құттықтай отырып, облыс прокуроры  Руфат Құттықов үлкен естелік болып қалатын осы іс-шараның маңыздылығын атап өтті.

"Ағаш – даму мен өркендеудің белгісі. Егіп жатқан талдарымыздың тамырлары жайылып, өсіп шығады деген үміттеміз. Бұл игі іс балаларымызға үлгі, болашаққа тыныс болады деп сенеміз ", - деді облыс прокуроры.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы