Айтулы күндерге арналған салтанатты іс-шара өткізілді

Айтулы күндерге арналған  салтанатты іс-шара өткізілді

Маңғыстау облысының прокуратурасында ардагерлер мен жеке құрамның қатысуымен Отан қорғаушылар және Жеңіс күндері мерекелеріне орай салтанатты іс-шара өтті.

Облыс прокуроры айтулы мереке күндерінің тарихи маңыздылығына, прокурорлардың Отанды қорғаудағы рөліне тоқталып ардагерлер мен ұжымды құттықтады.

«Сіздерді келе жатқан мерекелермен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің жарқын болашағы үшін атқарып жатқан игі істеріңізге табыс тілеймін, аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын» - деп Р.Құттықов өз тілегін білдірді.

Облыс прокуратурасы органдарының қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізген қызметкерлеріне сыныптық шендер беру және ведомстволық наградалармен марапаттау туралы ҚР Бас Прокурорының бұйрықтары жария етілді.

Прокурорлық қадағалауды күшейтуге елеулі үлес қосқаны үшін ҚР Бас Прокурорының Құрмет грамотасымен прокуратура органдарының ардагері Әмірғали Зейнешұлы Жанаев мараппаталды және қызметтік міндеттерін үлгілі орындағаны үшін  Ақтау қаласы прокуратурасының бөлім прокуроры Абылай Исамбаев осы марапатқа иеленді.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы