Құны 1 млрд теңгеден асатын Комбинат мемлекетке қайтарылды

Құны 1 млрд теңгеден асатын Комбинат мемлекетке қайтарылды

2019 жылы қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және көму комбинаты «Тазалық-С» ЖШС сенімгерлік басқаруына  берілген.

Жаңаөзен қаласының прокуратурасы анықтағандай, ЖШС оған комбинатты беруге негіз болған міндеттемелерін орындамаған.

Атап айтқанда, комбинат арнайы техниканың жеткілікті санымен  қамтамасыз етілмеген, қатты-тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу өндірісі кеңейтілмеген, полимерлі құбырлар өндірісі іске асырылмаған.

Прокуратураның қадағалау актісі бойынша Жаңаөзен қаласының әкімдігі мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына сенімгерлік шартты тоқтата тұру туралы талап арыз беріп, ол толығымен қанағаттандырылған.

Апелляциялық сатымен жоғарыда аталған соттың шешімі өзгеріссіз қалдырылды.

Нәтижесінде баланстық құны 1 млрд теңгеден асатын мүліктік кешен жергілікті атқарушы органның коммуналдық меншігіне қайтарылды.

Маңғыстау облысының прокуратурасы