Маңғыстау облысының прокуратурасымен мүмкіндігі шектеулі жандарға мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерді алу кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді.
Талдау барысында мүмкіндігі шектеулі 3 258 адамды оңалтудың жеке бағдарламасымен қамтамасыз ету бойынша тиісті шаралар қолданбау фактілері анықталды (оның ішінде бірінші топтағы мүгедектер – 525, екінші – 849, үшінші – 1322, мүгедектігі бар балалар – 562).
Енгізілген прокурорлық қадағалау актісімен көрсетілген кемшіліктер жойылып, кінәлі тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылып, мүмкіндігі шектеулі адамның конституциялық құқықтары қорғалды.
Атап айтқанда, қазір мүмкіндігі шектеулі жандардың мүгедектерге арналған оңалту орталығына баруға, санаторий-курорттық ем алуға, сондай-ақ жеке көмекшінің әлеуметтік қызметтеріне басқа да мемлекет кепілдік берген тегін қызметтерге мүмкіндігі бар.
Маңғыстау облысының прокуратурасы