Ведомствоаралық жиналыс өткізілді

Ведомствоаралық жиналыс өткізілді

Облыс прокурорының орынбасары А.С.Уәлиевтің төрағалығымен тергеудің және жедел-іздестіру қызметінің рұқсат етілмеген әдістері мен фактілерін болдырмау мәселесі бойынша қылмыстық қудалау және пенитенциарлық жүйе органдарымен ведомствоаралық жиналыс өткізілді.

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша осы
жылдың басынан бастап азаптау фактілері бойынша барлық
өтініштерді прокурор қарайды.

Облыста азаптау бойынша тек 2 өтініш тіркелген.
Алайда, тергеу жолымен тексеру барысында фактілер
расталмады.

Азаптаудың алдын алу және оған жол бермеу
мақсатында кеңесте тергеудің рұқсат етілмеген әдістеріне
қарсы іс-қимыл және барлық органдар мен түзеу
мекемелерінде бақылау бейнекамераларын орнату
мәселелері қаралды.

Қылмыстық қудалау органдарының ғимараттарындағы
соқыр жерлерді жоюға, сондай-ақ азаматтарды құқық қорғау
органдарына жеткізу күні мен уақытын нақты белгілеу үшін
кезекші бөлімдердің барлық қызметкерлеріне бейнежетондар
беруге баса назар аударылды.

Тергеудің рұқсат етілмеген әдістері бойынша мәселелер
облыс прокуратурасының тұрақты бақылауында.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы