8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне арналған салтанатты іс-шара өтті

Бүгін, Маңғыстау облысының прокуратурасында 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күніне орай салтанатты іс-шара өтті.

Ұжымның нәзік жанды әйелдер қауымын Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов құттықтады.

"Күннің шуағы - жылы, Ананың құшағы жылы", - дегендей, дүниеде ананың балаға және барша адамзатқа деген мейірімі мен махаббатынан асқан құдірет жоқ!

Облыс прокуроры ұжымдағы әйелдер қауымын шын жүректен осы көктемнің алғашқы мерекесімен құттықтай отырып, оларға дендеріне саулық, ұзақ әрі шатыққа толы ғұмыр, шаңырақтарына құт-береке тіледі.

Прокуратура органдарының ардагері Сайдина Зупиянқызы Маматова мерекемен құттықтап, өз тілектерін арнады.

8 наурыз - Халықаралық әйелдер күні қарсаңында,  облыс прокуроры  үлгілі қызметімен көзге түскен және өзіне жүктелген міндеттерді мінсіз атқарған бірқатар прокурор әйелдерге құрмет грамоталарды, сыныптық шенді және ведомстволық  марапаттарды табыстады.

Салтанатты іс-шара ұжымдағы ерлер қауымымен дайындалған  мерекелік концертке ұласты.