Маңғыстау облысы прокуратурасы органдарының қызметкерлеріне шешендік өнер тренингі ұйымдастырылды

Маңғыстау облысы прокуратурасы органдарының  қызметкерлеріне шешендік өнер тренингі ұйымдастырылды

Маңғыстау облысының прокуратурасы өз қызметкерлеріне шешендік өнер бойынша оқыту сабағын ұйымдастырды.


Тренингті Қазақстандағы спикерлердің үздік тобына енген, Ақтау
қаласындағы шешендік өнер мектебінің негізін қалаушы Қайрат
Хасанов жүргізді.


Іс-шараға функционалдық қызметі соттарда сөз сөйлеу және
халыққа түсіндіру жұмыстарын жүргізумен көбірек байланысты
аудандық және қалалық прокуратуралардың қызметкерлері қатысты.


Тренинг барысында Қайрат Хасанов келіссөз жүргізу және
көпшілік алдында сөз сөйлеу техникасын көрсетті. Сендіру
дағдыларын дамытуға ерекше көңіл бөлінді.


Мұндай шеберлік сабақтары жаңа шешендік дағдыларды
меңгеруге, күнделікті кәсіби қызметте қажетті тиімді қарым-қатынас пен сындарлы диалогтың әдістерін меңгеруге мүмкіндік береді.


Қызметкерлер өздері үшін жұмыста ғана емес, күнделікті өмірде
де пайдалы болуы мүмкін көптеген жаңа ақпарат алғандарын атап
өтті.

Маңғыстау облысының прокуратурасы