Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев 2022
жылдың 1 қыркүйегіндегі «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» атты жолдауында: Өскелең ұрпақтың
болашағына зор қауіп төндіретін қатер – есірткі заттары, соның ішінде синтетикалық есірткі тұтынатындардың көбейгендігін атап өтіп, құқық қорғау органдарына бұл қатердің кең таралуына барынша тосқауыл қоюды тапсырған.
Прокуратура органдары құқық қорғау органдарының ұйытқысы
ретінде есірткі қылмыстарымен күресті үйлестіруді және осы саладағы заңдылықтың сақталуын қадағалауды жүзеге асыруда.
Уақыт өткен сайын қоғамда «синтетикалық есірткі» заттарын
тарату фактілері артып, арзан және қолжетімді бола бастады.
Нашақорлар оны әлеуметтік желі мен түрлі мессенджер арқылы
емін-еркін саудаға салып жүргені баршамызға аян.
Бұл синтетикалық есірткілер жаңаша химиялық сипатымен
ерекшеленеді. Олар адам ағзасына тәуелділікті тез қалыптастырады.
Сондықтан, жұртшылықтың да бұл мәселеге назар аударуды
және онымен күресуді тоқтатпауды қажет деп санаймыз.
Себебі, өскелең ұрпақтың болашағына зор қауіп төндіретін есірткі
заттарына барлығымыз бірігіп тосқауыл қойғанда ғана көздеген
мақсатымызға жететініміз айдан анық.
Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде өңірде есірткінің заңсыз
айналымына қатысты 44-ке жуық қылмыс фактісі тіркеліп, 26
қылмыстық іс сотқа жолданып, айыптау үкімдері қабылданды.
Тергеу органдарымен жалпы салмағы 2 кг. есірткі заттары
тәркіленген.
Мысалы, Ақтау қаласының полицейлерімен Қарағанды
облысының тұрғыны «Ж» есімді күдіктіге қатысты жеке тінту
барысында күртешесінен 10 (он) дана политиленді пакетте оралған
«мефедрон» есірткі заттары анықталған.
Одан әрі, күдіктінің көрсетуімен Ақтау қаласы аумағында 16 (он
алты) жерде жасырылған «мефедрон» психотроптық заттары алынды.
Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 297-бабымен
тергеу басталып, күдікті қамауға алынды.
Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексіне сәйкес есірткі
мен психотропты заттарды дайындау, қайта өңдеу, иемдену, сақтау тасымалдау, жөнелту немесе өткізгені үшін 10 жылдан 15 жылға
дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген.
Сондықтан әр азамат өз денсаулығын жаман әдеттерден аулақ
ұстап, балаларымыздың жүріс-тұрыстарына аса көңіл аударуды
сұраймыз.
Сонымен қатар, заңсыз есірткі заттарын тасымалдаушылар мен
таратушыларды (закладчик) анықтаған жағдайда, өзінше билік етпей «102» нөмеріне хабарласуыңызды сұраймыз.
Маңғыстау облысының прокуратурасы