Экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша

Экологиялық заңнаманың сақталуы бойынша

       Бүгін, облыс прокуратурасының бастамасымен үйлестіру кеңесінің отырысы өткізіліп, онда браконьерлікке қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды.

        Жиынға облыс әкімі Нұрлан Ноғаев, кеңес мүшелері,  мемлекеттік органдардың бірінші басшылары және қоғам өкілдері қатысты.

        Тәжірибе көрсеткендей, браконьерлік үшін жазаның қатаңдатылғанына қарамастан, қылмыстық жолмен балық аулау және басқа да Қызыл кітап фаунасына қастандық жасау фактілері жалғасуда.

        Соңғы 3 жылда браконьерлікпен байланысты 212 қылмыс тіркеліп, 132 адам сотталды. Олардың 42%-ына нақты бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

        Мысалы, құқық қорғау органдары қабылдаған шаралармен Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан аумағында заңсыз қызметті жүзеге асырған трансұлттық қылмыстық топ қызметінің жолы кесілді.

        Сот үкімімен 6 адам 9 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандықтарынан айырылды.

        Облыс прокуроры Руфат Құттықовтың айтуынша, браконьерлер табиғатқа орны толмас зиян келтіреді және бұл залалды тек ақшамен есептеу мүмкін емес.

Жағдайды бақылауға алмаса болашақ ұрпақ қылмыскерлер жойып жіберген кейбір жануарларды суреттен ғана көретін болады.

        Алайда, облыс прокуроры жағдайды тек жазалау шараларымен ғана өзгерту мүмкін емес деп пайымдайды. Табиғатты аялауды және қоршаған ортаға жауапсыз көзқарастың зияндылығын мектептен бастап түсіндіре отырып, халықтың мәдени тәрбиесін арттыру қажеттілігін атап өтті.

        Осы мақсатта облыс прокуратурасы белсенді, саналы азаматтармен бірлесіп халық арасында, соның ішінде мектептерде экологиялық тақырыптар бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуде.

        Сонымен қатар, облыс прокуроры бірқатар заңнамалық түзетулер енгізуді ұсынып, кеңес мүшелерімен қолдау тапты.      

Сондай-ақ, уәкілетті органдардың материалдық-техникалық базасын жетілдіру мәселелері талқыланды.

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаев атап өткендей, өңір, оның жануарлар әлемі, Каспий теңізі мемлекетіміздің даму тарихының ажырамас бөлігі болып табылады. Сондықтан болашақ ұрпақ үшін оның бай және алуан түрлі флорасы мен фаунасы бар тиісті экологиялық ортаны сақтау маңызды.

        Мемлекет басшысы өңірге сапарында ғылыми зерттеулер институтымен қатар әлемдік деңгейдегі ғалымдар мен Каспий теңізінің жағалайтын мемлекеттердің қатысуымен жұмыс тобын құру туралы ұсыныс айтты. Бұл жұмысты қазір жүргізіп жатырмыз, - деді облыс әкімі.

Маңғыстау облысының

прокуратурасы