Үйлестіру кеңесінде алаяқтықтың заманауи түрлерінің алдын алу мәселелері талқыланды

Үйлестіру кеңесінде алаяқтықтың заманауи түрлерінің  алдын алу мәселелері талқыланды

Маңғыстау облысында алаяқтықтың өсіп келе жатқан фактілеріне байыпты қарауда, олардың өсуі өткен жылдардың ұқсас кезеңдерімен салыстырғанда 53%  құрады.

Жалпы, соңғы 5 жылда республика аумағында қылмыстылық көрсеткіші 50%- ға төмендеді, бірақ алаяқтық саны өсуде.

Осыған байланысты облыс әкімі Нұрлан Ноғаев пен жергілікті құқық қорғау және арнайы органдардың бірінші басшыларының қатысуымен құқықтық тәртіпті қамтамасыз ету және қылмысқа қарсы күрес жөніндегі Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысында қылмыстың осы түріне қарсы іс-қимыл бойынша бірқатар мәселелер талқыланды.

Облыс прокуроры - Руфат Құттықов, алаяқтық, оның ішінде интернет-алаяқтығы қазіргі қоғамда күрделі мәселеге айналғанын. Азаматтардың сенімін пайдалана отырып, қылмыскерлер көптеген отбасыларға үлкен зиян келтіретінін, оларды көп жылдық жинақтарынан айыратынын, ал кейбір жағдайларда адамдарды қарызға батыратынын атап өтті

Сондықтан мемлекеттік құрылымдардың басты міндеттерінің бірі осы зұлымдыққа қарсы күрес, халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру, заңсыз әрекеттері бар болу мүмкін туралы хабарларға жедел ден қою болуы тиіс.

Облыс прокуратурасының органдары түсіндіру жұмыстарын бастап, «Заң керуені» акциясы аясында прокурорлар облыстың барлық елді мекендеріне барып, жалпы мәселелермен қатар алаяқтардың жаңа әдістері мен олардан қорғау  шаралары туралы түсіндіруде.

Сонымен қатар, арнайы мобильдік қосымша жасақталып, әлеуметтік желілерде тақырыптық бейнероликтер және халық арасында буклеттер таратылуда, сондай-ақ баннерлер ілінді - деп облыс прокуроры хабарлады.     

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша алаяқтармен тиімді күресу үшін прокуратура, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен жоба ұйымдастыру ұсынылды.

Жобаның мақсаты алаяқтықтың нақты туындау себептерін анықтау және оның алдын алу шараларын қабылдау арқылы азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғау болып табылады.

Үйлестіру кеңесінің мүшелері бұл жобаны бірауыздан қолдады.

«Алаяқтықтың қазіргі заманғы түрлерінің алдын алуы» жобасын іске асыру біздің қаладағы алаяқтықты төмендетумен қатар, халықтың қаржылық және құқықтық сауаттылығын арттыруға ықпал ететін болады.