Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов «Қаражанбас» және «Қаламқас» кен орындарының жұмысшыларымен кездесті.

Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов «Қаражанбас» және «Қаламқас» кен орындарының жұмысшыларымен кездесті.

Тараптардың тұрақты сындарлы диалогы ғана өзара түсіністікке және еңбек жанжалдарына жол бермеуге алып келеді-деді Маңғыстау облысының прокуроры Руфат Құттықов «Қаражанбас» және «Қаламқас» кен орындарының жұмысшыларымен кездесуде.

20.01.2023ж. облыс прокуроры жұмысшылардың еңбек жағдайларымен жеке танысу және олардың уәждері мен ұсыныстарын тыңдау үшін аталған кен орындарына барды.

Кездесуге мемлекеттік еңбек инспекциясы, Ақтау қаласындағы «ҚазМұнайГаз» ҰК», «Маңғыстаумұнайгаз» «Қаражанбас» АҚ-ның басшылығы және жұмысшылармен тікелей диалог орнату үшін кәсіподақ өкілдері шақырылды.

Жұмыскерлермен нақты байланыссыз және жұмыс орындарын көзбен шолусыз еңбек құқықтарын қамтамасыз ету және еңбек жағдайларын жақсарту мүмкін емес - деді Руфат Құттықов, сондай-ақ, мемлекеттік органдардың басшылығын еңбек ұжымдарына тұрақты түрде шығуға шақырды.

Кездесуде бірқатар өзекті мәселелері шешіліп, қосымша қарауды қажет ететін сұрақтар ескерілді.

 

   Маңғыстау облысының прокуратурасы