Табиғат қорғау прокуроры тағайындалды

Табиғат қорғау прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №175/6 бұйрығымен аға әділет кеңесшісі Исатайұлы Ильяс Сандыбаев Маңғыстау облысының
мамандандырылған табиғат қорғау прокуроры лауазымына тағайындалды.


И. Сандыбаев 1979 жылы 10 қырқүйекте Түрікменстан Республикасы, Красноводск облысында дүниеге келген.

2001 жылы прокуратура органдарында жұмыс бастаған.
Атқарған лауазымдары: Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, прокурор және басқарма аға прокуроры, Маңғыстау ауданы прокурорының орынбасары, облыс прокурорының
көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма бастығының орынбасары және басқарма бастығы.

2013 жылдан бастап Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасында қызмет атқарған.

2020 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының көмекшісі қызметін атқарған.