Бейнеу ауданының прокуроры тағайындалды

Бейнеу ауданының прокуроры тағайындалды

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2022 жылғы 14 желтоқсандағы №175/6 бұйрығымен кіші әділет кеңесшісі Жақсыкелдіұлы Смағұл Хасниязов Бейнеу ауданының прокуроры лауазымына тағайындалды.

С. Хасниязов 1985 жылы 31 қаңтарда Маңғыстау облысы Ақтау қаласында  дүниеге келіп, 2009 жылы прокуратура органдарында жұмыс бастаған.

Атқарған лауазымдары: мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының көмекшісі, Ақтау қаласы прокурорының көмекшісі, облыс прокуратурасының басқарма прокуроры, басқарма аға прокуроры, сондай-ақ Маңғыстау ауданы және мамандандырылған табиғат қорғау прокурорының орынбасары.


2021 жылдың шілде айынан бастап осы күнге дейін Маңғыстау облысы прокуратурасының Үкімдердің орындалысын қадағалау басқармасының бастығы лауазымында қызмет атқарған.