Қазақстан Республикасы прокуратура органдары күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді

Қазақстан Республикасы прокуратура органдары күніне орай салтанатты іс-шара өткізілді

Жыл сайын 6 желтоқсан күні Қазақстан прокуратурасының қызметкерлері кәсіби мерекелерін – Прокуратура күнін атап өтеді.

Бүгін іс-шараны аша отырып, облыс әкімі Нұрлан Ноғаев облыстық прокуратурада өткен салтанатты жиында сала ардагерлері мен қызметкерлерді кәсіби мерекелерімен құттықтады.

«Прокуратура саласы - өте жауапты, маңызды сала. Сіздерге мемлекет басшысы артқан сенімі зор, елімізде заңдылықты қадағалап, қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етесіздер», - деп атап өтіп өзінің алғыс хаттарын бірқатар қызметкерлер мен ардагерлерге табыстады.

Облыс прокуроры Руфат Құттықов қатысушыларды прокуратура күнімен шын жүректен құттықтап, прокуратура органының бүгінгі қызметкерлері, өзімізге жүктелген міндеттің жауапкершілігі мен маңыздылығын сезінуіміз парыз. Қызметкерлерді, ең бастысы – халықтың сенімін ақтап, еңбек жолында аянбай қызмет етуге шақырды.

Сондай-ақ, прокуратура органдарының ардагерлері Сайдина Зупиянқызы Маматова мен Айгерим Кемілханқызы Сейдингалиева құттықтау сөздерін сөйледі.

Кәсіби мерекенің құрметіне орай Руфат Құттықов үлгілі қызметімен көзге түскен және өзіне жүктелген міндетті мінсіз атқарған бірқатар қызметкерлерді ҚР Бас Прокуроры Берік Ноғайұлының құрмет грамотасымен, сыныптық шендермен және ведомстволық наградалармен марапаттады.

Прокуратура органдарының жас қызметкерлердің ата-аналарына салтанатты түрде алғыс хаттар табысталды.

Салатанатты іс-шара облыстық прокуратура қызметкерлері дайындаған мерекелік концертке ұласты.

Маңғыстау облысының прокуратурасы