5 құрылыс компания жауаптылыққа тартылды

5 құрылыс компания жауаптылыққа тартылды

Тұрғын үй кешендерін салу үшін үлескерлердің ақшалай қаражатын тарту тәртібі еліміздің заңнамасында нақты белгіленген.

Алайда, жекелеген жосықсыз құрылыс салушылар әртүрлі тетіктерді қолдана отырып, азаматтармен алдын-ала сатып алу шарттар жасақтайды, дегенмен бұл әрекет үлескер ретінде тартылу деп саналады.

Кейін олармен құрылыс мерзімдері кешіктіріледі және бұл халықтың наразылығына әкеледі.

Статистикалық мәліметтерге сәйкес Ақтау қаласының аумағында 96 көп қабатты тұрғын үйдің құрылысы жүргізілуде.

96 нысанның 17-і аяқталып, 47–і аяқталу сатысында (90% – ға аяқталған), 18-і қаңқа құрылысы сатысында және 14-і бастапқы деңгейде (3 қабатқа дейін).

Азаматтардың құқықтарының бұзылуына жол бермеу мақсатында,  Маңғыстау облысының прокуратурасымен бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тұрақты негізде мониторинг жүргізіледі.

«Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңның талаптарын бұза отырып, көппәтерлі тұрғын үй салу үшін азаматтардың қаражатын тартқан 5 құрылыс компаниясы прокуратурамен анықталған.

Құрылыс үшін жеке және заңды тұлғалардың ақшасын тарту жөнінде аталған Заңның талаптарын бұза отырып жасалған мәміле жарамсыз деп танылады.

Сондай-ақ, үлескерлердің ақшасын тартуға рұқсаты жоқ пәтерлерді сату деректері ӘҚБтК-нің 320-бабына сәйкес әкімшілік жауапкершілік көзделгенін атап өткен жөн.

Прокурорлық қадағалау актісі нәтижесімен а.ж. 5 құрылыс кәсіпорны айыппұл соммасы 4 млн. тг құрайтын әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

Осылайша, прокуратура үлестік құрылыс нарығында азаматтардың құқықтарын сақтауды және олардың өз пәтерлерін уақтылы алу құқықтарының бұзылуына жол бермеуді қамтамасыз етеді.

Бұл бағытта жұмыс жалғасуда.

Маңғыстау облысының прокуратурасы