Тергеу изоляторындағы күзетпен ұстау, тергеудегі және жазасын өтеуші тұлғалармен кездесу

Тергеу изоляторындағы күзетпен ұстау,  тергеудегі және жазасын өтеуші тұлғалармен кездесу

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты № 77 қауіпсіздігі аралас мекемесінде күзетпен ұсталған, тергеудегі және  жазасын өтеп жатқан тұлғалармен кездесу ұйымдастырылды.

Кездесуге облыс прокурорының орынбасары, облыстық прокуратураның басқарма бастықтары, Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бастығы, №77 мекеменің бастығы, мекеменің бөлім бастықтары, Ақтау қалалық мәслихатының депутаты, қорғаушылар және Ұлттық алдын алу тетігінің өкілдері қатысты.  

Кездесуде 2022 жылғы 5 қарашада қабылданған «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық Заңының негізгі бағыттары түсіндірілді.

Прокурор өз құзыретіне сәйкес бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеп жатқан адамдардың құқықтық жағдайына әсер ететін қылмыстық-атқару жүйесі мекемесі әкімшілігі актілерінің заңдылығын тексеруге, заңсыз шешімдердің күшін жоюға, сотталғандарды басқа мекемеге ауыстыру туралы актілерін Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару заңнамасына сәйкес қарауға міндеттілігі түсіндірілді.

Күзетпен ұсталатын, жазасын өтеп жатқан, сондай-ақ пробация қызметтерінің есебіне алынған адамдарға қатысты қылмыстық-атқару жүйесінің органдары қолданған тәртіптік жазалар мен көтермелеулердің күшін жою туралы қаулы шығаратыны айтылды.

Сотталғандардың жазаларын жеңілдету, жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру және шартты түрде мерзімінен бұрын босату туралы өтінішхаттары бойынша сот отырысына қатысып, қорытынды беретіні және негізсіз қабылданған сот қаулыларына прокурорлармен апелляциялық сатыға өтінішхат келтіру туралы сұрақтары талқыланды.

Сонымен қатар облыс прокурорының орынбасарымен 10 сотталғанмен жеке қабылдау жүргізіп, нәтижесімен олардан шағымдар қабылданып, заңның талаптары түсіндірілді.

Бұл бағыттағы жұмыс басқа да түзеу мекемелерінде жалғасын табады.

Маңғыстау облысының прокуратурасы