«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының негізгі талаптары талқыланды

«Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңының негізгі талаптары талқыланды

22.11.2022 жылы Маңғыстау облысының прокуратурасында
мемлекеттік органдар мен үкіметтік емес ұйымдар өкілдерінің,
адвокаттармен жеке сот орындаушылардың қатысуымен жиын өтіп, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасының жаңа Конституциялық заңының негізгі ережелері мен ерекшеліктері талқыланды.
Кездесу барысында уақыт талабына негізделген прокуратура
органдарының құқық қорғау функциясын жетілдіруге бағытталған Заңның жаңашылдықтары түсіндірілді.
«Прокуратура туралы» жаңа Конституциялық заңда қадағалаудың
механизмдері, пәрменді құралдарды нақтыланған және неғұрлым
жүйеленген.
Заңның басты өзгешеліктерінің бірі - Бас Прокурордың халықаралық шарттар ратификацияланғанға дейін олардың, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің Конституцияға сәйкестігін қарау, сондай- ақ негізгі заң нормаларына ресми түсініктеме беру үшін Конституциялық
сотқа жүгіну құқығы қарастырылған.
Конституциялық заңның нормаларын халық арасында түсіндіру
жұмыстары бұдан әрі жалғаса береді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы