Маңғыстауда 9 мұғалім жалған дипломдармен балаларды оқытқан

Маңғыстауда 9 мұғалім жалған дипломдармен балаларды оқытқан

Прокурорлар жүргізілген талдау нәтижелерімен Маңғыстау
облысының мектептерінде жалған дипломдарды пайдалану бойынша 9 дерек анықтаған.
Мысалы, Аққұдық орта мектебінің еңбекке баулу мұғалімі жалған
дипломмен жұмыс жасаған үшін, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексiнің 385-бабы 3-бөлігі бойынша(жалған құжат пайдалану) жауаптылыққа тартылған.
Қарақия аудандық сотының шешімі бойынша мұғалімге жаза
түрінде 25 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынды.
Осыған ұқсас фактілер Ақтау қаласында 2 мектепте анықталған
(қазақ тілі және қазақ әдебиеті), Жаңаөзен де 3 мектепте (орыс тілі,
бастауыш сынып мұғалімі), Мұнайлы ауданының 2 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі), Бейнеу ауданының 1 мектебінде (бастауыш сынып мұғалімі).
Осы мектептер бойынша тергеу жұмыстары жүргізілуде.
Өсіп келе жатқан ұрпаққа жалған дипломмен білім беріп жүрген
мұғалімдердің зиян әсерін ескере отырып, прокуратура органдары осы бағытта жұмыстар жүргізуде.

Маңғыстау облысының прокуратурасы