Облыс прокуроры Мұнайлы ауданының тұрғындармен көшпелі қабылдау жүргізді

Облыс прокуроры Мұнайлы ауданының тұрғындармен көшпелі қабылдау жүргізді

       Бүгін, 23.09.2022 ж. Маңғыстау облысының прокуроры Құттықов Руфат Бауыржанұлы Мұнайлы ауданының құқық қорғау және жергілікті атқарушы органдарының басшыларымен жүргізіліп жатқан жұмыстар мен алдағы жоспарлар туралы кеңес өткізді. 

         Сонымен қатар, облыс прокуроры жеке іс-сапар аясында аудан тұрғындарымен кездесті. 

         Кездесу барысында жер құқықтық қатынастарына, кәсіпкерлік саласында, ауданда қылмыстың алдын алу бойынша шараларға қатысты өзекті мәселелер қозғалды. 

         Жекеленген сұрақтар облыс прокуратурасының бақылауына алынып, тиісті шешім қабылдау үшін уәкілетті органдарға тапсырмалар берілді. 

         Сондай-ақ, облыс прокуроры аудан прокуратурасының жеке құрамымен әңгімелесті, қызметкерлер өздерінің жұмыс күндері мен орындалатын міндеттер туралы баяндап, ақпараттық жүйелерде практикалық дағдыларын көрсетті, қызметтік бағыты бойынша өздеріне қызықтырған сұрақтарын қойды. 

         Руфат Бауыржанұлы өзінің көп жылдық тәжірибесіне сүйене отырып, өз ойларымен бөлісті, аудан прокуратурасының жас қызметкерлеріне қадағалау қызметінің негізгі бағыттары бойынша кеңестер берді.

         Маңғыстау облысының прокуратурасы