Прокурорлармен қоныс-колониясында жеке қабылдау жүргізілді

Прокурорлармен  қоныс-колониясында жеке қабылдау жүргізілді

Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты ГМ-172/8
қауіпсіздігі барынша төмен мекемесінде барлығы 135 сотталған
жазасын өтеуде.
Прокуратураның бастамасымен қоныс-колониясында жазасын
өтеуші сотталғандармен жеке кездесу ұйымдастырылды.
Сотталғандардың шартты түрде мерзімінен бұрын босату, жазаның
өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру және
қылмыспен келтірілген залалдарды өндіру сұрақтары қаралып, заң
талаптары түсіндірілді.
Сонымен қатар сотталғандардың жатын орындарын, асхана,
демалу бөлмелері, тәртіпттік изолятор және қатаң ұстау
камераларының жағдайы тексерілді.
Мекеме қызметкерлерінің атқарылып жатырған жұмыстарымен
және мекеменің күзгі-қысқы жылыту маусымының дайындығымен
танысты.
Мемлекет басшысының түзеу мекемелерін «жаппай
бейнебақылаумен» қамтамасыз ету тапсырмасына сәйкес мекемеде іске қосылған 131 бейнебақылау жүйелерінің техникалық
ерекшеліктерінің сəйкестігін қарап шықты.
Бұл сотталғандардың күнделікті жүріс-тұрысын, қауіпсіздігін,
құқытарының бұзылуына және құқық бұзушылықтың алдын алуына үлкен көмегін тигізеді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы