Прокурорлар студенттермен кездесу өткізді

Прокурорлар студенттермен кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 14 қырқүйегінде Маңғыстау облысы прокуратурасының қызметкерлері Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің заң факультеттерінің студенттерімен «Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары жүйесіндегі прокуратураның орны мен рөлі» тақырыбына кездесу өткізді.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәжілісінің спикерлері – ардагерлер кенесінің төрағасы Сауле Райқызы Калимова мен облыс прокурорының көмекшісі Қайырлы Шұғайқызы Әбілова студенттерге Қазақстан Республикасы прокуратурасының қалыптасуы мен дамуының негізгі кезендерін, оның құрылымы мен орындалудағы тапсырмалар туралы түсіндірді.

Кездесу барысында Бас прокуратура жанындағы Құқық қорғау органдары академиясына іріктеу тәртібі талқыланды, студенттерді прокуратура органдарының қызметіне  орналасуына қатысты сұрақтарын қойды.

Сондай-ақ қала және аудан прокуратураларын іріктеу, қабылдау, оқыту және одан әрі қызметке тағайындау тақырыптары бойынша бейнероликтер көрсетілді.

Кездесу соңында оқуда табыс тілей отырып, студенттерге облыс прокуратурасымен әзірлеген ақпараттық кітапшалар таратылды.

 

Маңғыстау облысының прокуратурасы