Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен жеке қабылдау ұйымдастырылды

Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандармен  жеке қабылдау ұйымдастырылды

Облыс прокуратурасы облыстық пробация қызметімен, халықты
жұмыспен қамту орталығы және «Рай жедел әлеуметтік көмек
орталығы» жеке меншік мекемесімен бірлесіп Ақтау қаласы пробация қызметінің есебінде тұрған сотталғандармен жеке қабылдау ұйымдастырды.                                                                        Пробация есебінде тұрған 40-тан астам сотталғандар қабылданды.
Жеке қабылдау барысында сотталғандарға мемлекет тарапынан
көрсетілетін әлеуметтік-құқықтық көмек, медициналық ем алу, жеке кәсібін ашу және тұрғын үй алу үшін көмек көрсетілді.
Қайталанатын құқық бұзушылықтардың  алдын алуы бойынша  ерекше назар аударылды, жазаны өтеудің белгіленген тәртібін бұзғаны және заңсыз әрекеттер жауаптылық көзделетіндігі түсіндірілді.
Қабылдау нәтижесімен есепте тұрған 10 тұлғаға әлеуметтік-
құқықтық көмек көрсетілді, 5 тұлға азық-түлікпен қамтамасыз етіліп, 3 тұлға өз бизнесін ашу үшін уәкілетті органға жолдама алды.
Сондай-ақ, халықты жұмыспен қамту орталығы арқылы 15 сотталған жұмысқа орналастырылды.
Осындай жұмыстар облыс бойынша басқада қала аудандарда
жалғасын табады.

Маңғыстау облысының прокуратурасы