Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Прокуратура органдарына алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу өткізу туралы хабарландыру

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы прокуратура органдарына
алғаш рет кіретін адамдар үшін алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеу жариялайды.
Прокуратура органдарында іріктеу аудан/қала прокуратурасының прокуроры (C-
RGP-5 санаты) лауазымдарына жүргізіледі, олардың функционалдық міндеттеріне заңда
белгіленген шекте және нысандарда Қазақстан Республикасының аумағында
заңдылықтың сақталуын жоғары қадағалауды жүзеге асыру, сотта мемлекет мүдделерін
білдіру және мемлекет атынан қылмыстық қудалауды жүзеге асыру кіреді.
Ең төменгі жалақы – 164 052 теңге.
Іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдауды прокуратура органдарының
аумақтық бөлімшелері (байланыс телефондары мен мекенжайлары төменде көрсетілген)
2022 жылғы 21 шілдеден 21 тамызға дейін жүргізеді.
Алғашқы кәсіптік даярлыққа іріктеуге қатысу үшін үміткерлер:
1) Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органда (прокуратура
органдарының лауазымдарына арналған тиісті бағдарлама бойынша);
2) Прокуратура органдарының аумақтық бөлімшелеріне мынадай құжаттарды беру:
- белгіленген үлгідегі өтініш;
- Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың
көшірмесі;
- білімі туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының
"Білім туралы" Заңына сәйкес нострификациялау немесе тану рәсімінен өткенін
растайтын құжаттар (шетелдік білім беру мекемелері берген дипломдар үшін, салыстыру
үшін түпнұсқалары);
- жақын туыстарын, оның ішінде белгіленген нысан бойынша бұрынғы жұбайларын
көрсете отырып, өз қолымен жазылған толық толтырылған өмірбаян;
- кез-келген аймақта қызмет етуге келісім беру туралы өтініш;
- әскери билет немесе тіркеу куәлігін тапсыруы қажет.
Құжаттардың толық емес тізбесін, сондай-ақ белгіленген мерзімді бұза отырып
ұсыну іріктеуге қатысудан бас тарту үшін негіз болып табылады.
Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар:
1. Қазақстан Республикасының азаматтығы.
2. 18 жастан бастап, бірақ 35 жастан аспауы қажет.
3. Жоғары заңгерлік білімінің болуы шарт.
Алғашқы кәсіптік даярлық мерзімі:
прокуратура органдарына түсушілер үшін 1 жыл (Академияда 6 ай оқу + 6 ай
тағылымдама);
Анықтама телефондары: (7165) 16-81-39
Жұмыс күндері дүйсенбіден жұмаға дейін сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін және 14:30-дан
18:30-ға дейін қоңырау шалуға болады.