Маңғыстау облысының прокуратурасында кезекті алқа отырысы өтті

Маңғыстау облысының прокуратурасында кезекті алқа отырысы өтті

Маңғыстау облысының прокуратурасында Маңғыстау облысы
бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті пробация қызметінің 2020-2021 жылдары және 2022 жылдың өткен мерзімінде жүргізілген кешенді тексеріс нәтижесі мен жергілікті атқарушы органдардың осы бағыттағы жұмысына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша кезекті алқа отырысы өтті.
Алқа отырысына жергілікті атқарушы және құқық қорғау
органдарының басшылары қатысты.
Тексеріс және талдау нәтижелері жергілікті атқарушы және құқық
қорғау органдары жұмыстарының тиімділігінің жеткіліксіздігін, есепте тұрған сотталғандар арасында профилактиканың әлсіздігін, сондай-ақ олар қабылдайтын шешімдердің формальды қабылданатынын көрсетті.
Бұған есепте тұрған сотталғандармен жасалған әкімшілік құқық
бұзушылықтар және қайталама қылмыстар дәлел.
Есепте тұрған сотталғандарды жұмысқа орналастыру тиісті
деңгейде жүргізілмейді.
Жекелеген аудан әкімдіктерімен жұмыс орындарына квоталар
бөлінбейді, әлеуметтік-құқықтық көмек тиісті деңгейде көрсетілмейді.
Тексеріс және талдау нәтижелерімен жоғарыда көрсетілген
органдарға қадағалау актілері енгізіліп, 25 лауазымды тұлғалар
тәртіптік жауаптылыққа тартылды.
Алқа отырысының қорытындысы бойынша облыс
прокуратурасының басшылығымен жергілікті атқарушы және құқық қорғау органдарына осы бағыттағы жұмысты жандандыру және тиісті шараларды қабылдау жөнінде тапсырмалар берілді.

Маңғыстау облысының прокуратурасы