Теңіз түбін заңсыз тереңдету жұмыстары жүргізілген

Теңіз түбін заңсыз тереңдету жұмыстары жүргізілген

Табиғат қорғау прокуратурасымен Каспий теңізіне қара сұйықтықты (смола) ағызу дерегі бойынша талдау жүргізілді.
Талдау нәтижесімен «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС-мен ЖЭО-1 су жинау арнасында механикалық жолмен жер снаряды көмегімен теңіз түбін тереңдету жұмыстары жүргізілгені анықталды.
Аталған жұмыстар су ресурстарын пайдалануды реттеу және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий бассейндік инспекциясының келісімінсіз жүргізілген.
Осыған байланысты табиғат қорғау прокуратурасының актісі негізінде ЖШС-гі ӘҚБтҚРК-нің 141-бабына  сәйкес (суға мемлекеттік меншік құқығын бұзу) әкімшілік жауаптылыққа тартылды.