Ақтау қаласында 30-дан астам заңсыз құрылыс нысаны анықталды

Ақтау қаласында 30-дан астам заңсыз құрылыс нысаны анықталды

     Облыс прокуратурасымен сәулет және құрылыс саласындағы қолданыстағы заңнама талаптарының сақталуына талдау жүргізіліп, нәтижесінде бірқатар заңдылықты бұзушылықтар анықталды.

     Атап айтқанда, Ақтау қаласының құрылыс мекемелері «Сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы» Заңында көзделген тиісті бастапқы рұқсат құжаттарын әзірлемей, көп пәтерлі тұрғын үйлер мен коммерциялық нысандардың құрылыс-монтаждау жұмыстарын жүргізген.

     Осыған орай, облыс прокуратурасымен прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, нәтижесінде 34 құрылыс кәсіпорны айыппұл соммасы 27 млн.​теңге құрайтын әкімшілік жауаптылыққа тартылды.

     Сондай-ақ, 8 құрылыс салушыға қатысты уәкілетті органмен әкімшілік материалдар сотқа жолданып, қарау нәтижесі бойынша құрылыс жұмыстары тоқтатыла отырып, әкімшілік жауаптылыққа тартылатын болады.

                         Маңғыстау облысының прокуратурасы