Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

Кәсіпкерлердің құқығы қорғалды

      Қала прокуратурасымен кәсіпкерлердің құқығын қорғау бағытында жергілікті атқарушы органдардың қызметіндегі мемлекеттік сатып алу заңдылығының сақталуына талдау жүргізілді.
      Талдау барысында «Каспий жылу, су арнасы» кәсіпорнымен (кәсіпорын) мемлекеттік сатып алу заңнамасы аясында жасақталған келісім шарттары бойынша кәсіпкерлердің алдындағы міндеттемелері бүгінгі күнге дейін орындағаны анықталды.
       Яғни, кәсіпорын 156 мердігерге тиесілі 307 млн. теңге қаражатты толық көлемде төлемеген.
       Нәтижесінде, Маңғыстау облысы әкімінің атына прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, 83 кәсіпкердің құқығы қорғалып, оларға тиесілі қаржылары өндірілуде.
       Кәсіпкерлер құқығын қорғау прокуратура органдарының басым бағыттарының бірі және осы бағытта заңдардың біркелкі орындалуын қадағалау біздің міндетіміз болып табылады.
       Осыған сәйкес, жеке кәсіпкерлердің қызметіне заңсыз тексеру және кедергі келтіру деректерінің жолын кесу, қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында Ақтау қаласы прокуратурасында бизнесті қорғау мобильді топтың 8 775 933 98 20 телефон желісі тәулік бойы жұмыс жасайтынын назарларыңызға саламын.

                           Ақтау қаласының прокуратурасы